«Аталантада» үш ойыншы коронавирус жұқтырған
Бергамолық команда дәрігерлері ойыншылар арасында COVID-19 инфекциясының үш жағдайын тіркеді.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, демалыстан кейін жаттығуды қайта бастамас бұрын команданың барлық ойыншыларында коронавирусқа тексеріс жүргізілген. Үш ойыншының тесті оң нәтиже берді. Ауру жұқтырғандардың аты-жөндері жарияланбаған. Тек вирус жұқтырған футболшылар карантинге алынды, содан кейін олар қосымша тексеруден өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или