«Астана» Еуропа лигасындағы алғашқы қарсыласынан алты есе қымбат
Transfermarkt.de порталының хабарлауынша, «Астана» командасындағы ойыншылардың трансфердегі құны Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде кездесетін черногориялық «Будучносттан» айтарлықтай асып түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық командадағы футболшылардың жалпы құны 21,68 миллион еуроны құрайды. Ең қымбат ойыншы - жартылай қорғаушы Марин Томасов (2,8 миллион еуро). «Будучность» ойыншыларының жалпы құны небәрі 3,48 миллион еуроны құрайды. Ең кұнды ойыншысы Петар Грбич 300 мың еуроға бағаланып отыр.
«Астана» - «Будучность» матчы 17 қыркүйекте Қостанайда өтеді. Еске салайық, жеңімпаз бір ойынның нәтижесі бойынша анықталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или