Иван Ракитич бұрынғы клубына қайта оралады

Иван Ракитич бұрынғы клубына қайта оралады

«Севилья» «Барселонамен» жартылай қорғаушы Иван Ракитичтің трансфері туралы келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпаратты журналист Фабрицио Романо Twitter желісінде таратты.

Дереккөздің айтуынша, жартылай қорғаушы қазірдің өзінде «Севильяда» медициналық тексеруден өтіп жатыр. Хорваттың өзі Барселона басшылығынан оны босатуды сұрағаны хабарланды. Андалусиялық клубпен келісімшарт 2023 жылға дейін келісілген.

Ракитич «Севилья» сапында 2011-2014 жылдар аралығында ойнады, оған дейін «Шальке» мен «Базельдің» намысын қорғаған.  «Барселонамен» келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жасалған.

2019/2020 маусымда Ракитич клуб деңгейіндегі барлық турнирлерде 42 матч өткізіп, бір голдың авторы болды және бес нәтижелі пас берді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или