Ресми. А сериясы жаңа маусымының қашан басталатыны белгілі болды
Италиялық А Сериясының басшылығы ресми түрде Италия чемпионатының элиталық дивизионындағы 2020/2021 жылғы маусымның 19 қыркүйекте басталатынын хабарлады. Мұндай шешім бүгін Римде өткен Лига отырысында қабылданды.
Жаңа маусым күнтізбесінің жеребесі келесі сәрсенбі, 2 қыркүйекте өтеді.
Бұған дейін «Интер» мен «Аталанта» маусымның басталуын бір аптаға кейін қалдыруды талап еткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или