«Барселона» Мессидің жалақысын қысқартпақ

«Барселона» Мессидің жалақысын қысқартпақ

«Барселона» мен шабуылшы Лионель Месси арасындағы қақтығыс ушығып барады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Танкреди Палмеридің айтуынша, «Блауграна» басшылығы клубқа оралудан бас тартқаны үшін «жұлдыз» футболшының жалақысын қысқартуға шешім қабылдады.

Дереккөздің хабарлауынша, аргентиналықтың жалақысы оның  келмей қалған әр күніне пропорционалды түрде қысқартылатын болады.

Еске сала кетелік, 33 жастағы Месси «Барсамен» келісімшартын бұзып, «Манчестер Ситиге» ауысқысы келеді, бірақ каталониялықтардың оны босатқысы жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или