«Барселона» Месси клубқа келмеген күндері үшін жалақысын қысқартпақ

«Барселона» Месси клубқа келмеген күндері үшін жалақысын қысқартпақ

Каталониялық «Барселонаның» басшылығы шабуылшы Лионель Месси клубқа келмеген күндер үшін жалақысын қысқартпақ, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>Sport24 сайтына сілтеме жасап. 

Журналист Танкреди Палмеридің ақпараты бойынша, Месси күніне 110 мың еуро табады. Аргентиналық футболшы жаттығуға не клубтың басқа да іс-шарасына келмеген күні осынша ақшадан қағылады. 

Ла Лига қазір «Барселона» жағында, ал 33 жастағы футболшы клубпен бірге жиынға барудан бас тартып, медициналық тексеруге бармаған болатын. 

Месси англиялық «Манчестер Сити» сапына ауысуы мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или