«Барселона» Луис Суареске 14 миллион еуро төлейді

«Барселона» Луис Суареске 14 миллион еуро төлейді

«Барселона» Луис Суареспен келісімшартты бұзғаны үшін оған өтемақы төлейді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Goal.com сайтына сілтеме жасап.

Келісімшарт бойынша клуб футболшымен қоштасса, оған 14 миллион еуро төлеуі керек.

Содан соң 33 жастағы форвард еркін агент атанып, өзіне жаңа клуб іздейді. Бұған дейін уругвайлық шабуылшыға «ПСЖ», «Ювентус», «Атлетико» және «Аякс» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған.

 Өткен маусымда Луис Суарес Ла Лигада 28 матч өткізіп, 26 гол мен 8 нәтижелі пастың авторы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или