Ресейлік футболшы италиялық «Аталанта» сапына ауысты
Ресей құрамасы мен мәскеулік «Локомотив» жартылай қорғаушысы Алексей Миранчук «Аталанта» ойыншысы атануға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
Ресей Премьер-лигасында «Зенитке» қарсы матчтан кейін «теміржолшылар» трансфер туралы мәлімдеді.
«Локомотив» пен «Аталанта» Алексей Миранчуктің италиялық клубқа ауысуы туралы келісімге келді. Трансфер Алексей медициналық тексерістен өткеннен кейін аяқталады.
Лешаға табысты карьера, Италия чемпионатында жаңа жеңістер мен жарқын ойын тілейміз», - делінген хабарламада.
Италиялық журналистердің мәліметінше, «Локомотив» Миранчукті 15 миллион еуроға сатқан.
Осы маусымда футболшы төрт матчқа қатысып, екі гол мен бір ассист авторы атанған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или