РПЛ-да бақ сынайтын клуб Исламбек Қуатты қатарына қосуы мүмкін

РПЛ-да бақ сынайтын клуб Исламбек Қуатты қатарына қосуы мүмкін

Қазақстандық жартылай қорғаушы Исламбек Қуат ресейлік «Химкиге» еркін агент ретінде ауысады. Бұл туралы «РБ Спорт» жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, трансфер ұлттық құрамалардың матчтарына арналған үзіліс кезінде жасалады. Сондай-ақ, Мәскеу облысының клубы Беларусь құрамасы мен Бресттің «Динамосында» ойнайтын қорғаушы Александр Павловецті қатарына қосуды жоспарлап отыр.

Ресей чемпионатында алты турдан кейін <span>«Химки»</span> үш ұпаймен 16 клубтың ішінде 15-орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Қуат осы жылдың қаңтар мен шілде айларынының аралығында <span>«Оренбургте»</span> ойнады. Қазақстандық РПЛ аясында үш матч өткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Қуат мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін деген ақпарат пайда болған еді.

 

Бактиер Зайнутдинов ЦСКА сапына ауысты

ЦСКА Зайнутдиновты қанша миллионға сатып алды?

 

<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или