Быстров Зайнутдиновтің командасына қарсы ойнамайды
Бүгін Ресей Премьер-лигасының 6-туры аясында мәскеулік ЦСКА сырт алаңда «Ахмат» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.
Грозныйлық клубтың қорғаушысы Марат Быстров өзінің отандасы және Қазақстан құрамасындағы серіктесі Бахтиер Зайнутдиновке қарсы бүгін ойнай алмайды. Өйткені, футболшы өткен турда қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған.
Айта кетейік, «Ахмат» - ЦСКА матчы бүгін, 30 тамызда, Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или