Қазақстандық ойыншының командасы жеңіске жетті

Қазақстандық ойыншының командасы жеңіске жетті

Ресей ұлттық лигасының (ФНЛ) 6-турында «СКА-Хабаровск» өз алаңында «Шинник» командасын қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

Матч 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.  

Алаң иелері сапында өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушы Арман Кеңесов негізгі құрамда алаңға шығып, 69 минут доп тепті. 

Сондай-ақ ол нәтижелі паспен көзге түсті. Арман ойынның 17-минутында командаласы Дмитрий Барковтың гол соғуына мүмкіндік жасады. 

Айта кетейік, Кеңесов ресейлік командаға тамыз айының басында ауысты. Қазірге дейін төрт матчқа қатысып үлгерді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или