Зураб Циклаури: «Ақтөбеден» ешкім хабарласқан жоқ»

Самаралық клубтың бас директорының орынбасары Зураб Циклауридің айтуынша, Ибрагим Цаллаговтің трансферіне қатысты «Ақтөбеден» ешкім хабарласпаған, деп жазады «PROСПОРТ».

«Ибрагим – командамыздың көшбасшысы, үздік ойыншыларының бірі. Желсөздерге қарамастан, Цаллаговке ешқандай ресми ұсыныс түскен жоқ», - деді Циклаури.

Осы маусымда Цаллагов «Крылья Советов» сапында 23 матчқа қатысқан.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «Ақтөбенің» ресейлік футболшыға қызығып жатқаны туралы ақпарат шыққан болатын. Цаллагов бірнеше ай бойы жалақысын ала алмай жүр, сондықтан оның команда ауыстыруы әбден мүмкін.

Sports.ru сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или