«Қайсар» ойыншылары әр турда ғажайып гол соғуды жөн көреді». Ресейлік сайт қызылордалық клуб туралы

«Қайсар» ойыншылары әр турда ғажайып гол соғуды жөн көреді». Ресейлік сайт қызылордалық клуб туралы

Ресейлік Sports.ru сайтының сарапшысы Қайрат БердіғалиевҚазақстан чемпионатындағы «Қайсар» клубының ойыншылары соққан голдарға ерекше назар аударып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Автор <span>7-</span>турдағы <span>«</span>Қайсар» - «Тобыл» (2:1) матчындағы Асхат Тағыбергеннің голын атап өтті.

«Тәрізі, «Қайсар» ойыншылары әр турда бізге ғажайып голдар сыйлауды жөн көрген сияқты. Өткен аптада Лобжанижзе бисиклета орындап еді, бұл жолы Асхат Тағыбергеннің голы турдың үздік голы болуы мүмкін.

… Тағыберген Нәрзілдаевпен тізе қосып жоғары траекториямен қақпашыдан асыра теуіп, 35 метр жерден алыс «тоғыздыққа» дәл «қадады. Пушка!», деп жазады автор.

Ал ҚПЛ-дың 5-турындағы «Қайсар» - «Жетісу» матчында қызылордалық клубқа енді ғана келген Элгуджа Лобжанидзенің бисиклета әдісімен соққан голы да назардан тыс қалмаған.

«Оның «Жетісу» қақпасына соққан суперголы маңызды үш ұпай әкеліп қана қойған жоқ, сондай-ақ маусым трюгіне айналды.

 Криштианудың мәнсабында осындай гол бар ма еді?», дейді сайт сарапшысы.

«Қайсардың» Еуропа лигасына қатысатынын ескерсек, мұндай голдардың көп соғылуы тек қана пайда әкелетінін бағамдауға болады.

Фото: kazfootball.kz 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или