Гвардиола Мессимен кездесу үшін Барселонаға ұшып барды

Гвардиола Мессимен кездесу үшін Барселонаға ұшып барды

Жақында «Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола мен «Барселона» капитаны Лионель Месси арасында кездесу өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Marca хабарлағандай, «қалалықтардың» бас жаттықтырушысы Каталония астанасына барған. Тараптар аргентиналық жұлдыздың болашағын талқылайды деп күтіліп отыр.

Еске сала кетейік, 33 жастағы Месси каталонмялық клубтан кетуге шешім қабылдаған, ал Сити командасы оған басты үміткер болып саналады.

Шабуылшы бұған дейін 2008-2012 жылдар аралығында «Барселонаны» баптаған Гвардиоланың қол астында жаттыққан .

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или