Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты қыркүйекте қайта жанданады

Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты қыркүйекте қайта жанданады

Коронавирус пандемиясының салдарынан тоқтаған әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты тағы кейінге қалды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Ел біріншілігінде бақ сынайтын «БИІК-Қазығұрт» командасының бас бапкері Калоян Петков маусымның қашан басталатынын айтты.

– Қазақстан чемпионаты 27 тамыз қайта жандануы керек еді. Алайда маусым басталуы кейінге шегерілді. Қазір чемпионатты 5-6 қыркүйек күні қайта жалғастыру жоспарланып отыр, - деді жаттықтырушы біздің сайтқа берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или