«Барселона» басшылығы Мессимен тек келіссөзді ұзарту бойынша кездесуге дайын
Аргентиналық футболшы Лионель Месси «Барселонаның» басшылығымен кездесе алмай жүр.
Журналист Гильема Балагенің мәліметінше, Месси клуб басшылығымен кездесуді бір күн бұрын сұраған. Алайда ешқандай жауап алмаған.
«Барселонаның» басшылығы футболшымен тек келіссөзді ұзарту бойынша кездесуге дайын екенін жткізген.
«Барселона» көшбасшы футболшысының командадан кетпеуіне бар жағдайды істеуге, әйтпеген жағдайда оны келісімшартта көрсетілген 700 млн еуроға жібереуге дайын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или