ҚПЛ: 7-тур матчтарының тікелей трансляциясы

ҚПЛ: 7-тур матчтарының тікелей трансляциясы

Бүгін Алматыда футболдан Қазақстан чемпионатының 6-туры аясында «Қайсар» - «Тобыл» және «Оқжетпес» - «Шахтер» ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қызылорда мен Қостанай командалары турнир кестесінде көрші орналасқан: «Қайсар» үздік үштікте, «Тобыл» төртінші. Екі команданың еншісінде де 1 жеңіліс, 1 тең ойын және 3 жеңіс бар. «Тобыл» қазіргі уақытта «Қайрат» пен «Астанадан» кейінгі ең көп гол соққан команда. Григорий Бабаян шәкірттері 5 ойында қарсылас қақпасына 10 доп дарытқан. Ал «Қайсар» қорғасының мықтылығымен мақтана алады. Қызылордалықтар 5 матчта өз қақпасынан екі доп қана алып шыққан.

«Шахтер» осы маусымда бірде-бір командамен тең түспеген төрт команданың бірі. «Кеншілер» еншісінде 3 жеңіс пен 2 жеңіліс. Турнир кестесінің 6-орынына жайғасқан. Ал, алты ойын өткізіп, 3 ұпай ғана олжалаған «Оқжестпес» чемпионаттың соңғы орынында тұр. Көкшелік команда бүгінге дейін өз қақпасына 14 гол жіберіп алды.  

«Қайсар» - «Тобыл» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 17: 55-те, ал «Оқжетпес» - «Шахтер» ойыны 20:50-де басталады. Екі ойынды да тікелей эфирде QazSport телеарнасынан көре аласыз.

 

«Қайсардың» Алматыдағы жаттығуына бейнешолу

«Каспий» қызылорадық «Қайсарға» қарсы матчта ерлік жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или