«Сарапшылар тамсанып тамашалайды». Зайнутдиновтың ойыны Ресейде жоғары бағаланады

«Сарапшылар тамсанып тамашалайды». Зайнутдиновтың ойыны Ресейде жоғары бағаланады

Sportbox журналисі Дильшад Ломовских өзінің РПЛ трансферлеріне арналған мақаласында қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновтың «Ростовтан» ЦСКА-ға ауысуына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстандық футболшы - Валерий Карпин баптайтын «Ростовтың» таланттарының бірі болды. Оның өткен маусымның соңғы және осы маусымның басындағы көрсеткіші көптеген сарапшыны тамсантып отыр. Ол - өте еңбекқор. Ол «Спартакқа» (екі рет) және «Зенитке» гол соқты. Карпиннен мақтау сөздер естіді. ЦСКА-дағылар оны сатып алғанына қуанышты, дегенмен ол тек бір матч өткізді. Гончаренконың оған сенім артып отырғаны бірден түсінікті болды. Оның үстіне Зайнутдинов РПЛ-да легионер болып саналмайды», - деп жазды Ломовских.

Еске сала кетелік, 26 тамызда Зайнутдинов жаңа командада дебют жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или