Еуропа лигасы. «Қайрат» жеңіп, «Ордабасы» қарсыласына есе жіберді

Еуропа лигасы. «Қайрат» жеңіп, «Ордабасы» қарсыласына есе жіберді

Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Алматының «Қайраты» мен Шымкенттің «Ордабасы» командасы бақ сынады. 

Шымкент қаласының орталық стадионында «Ордабасы» Румынияның «Ботошани» командасын қабылдады. Матчта қонақтар пайдасына 2:1 есебі тіркелді. «Ботошани» ойыншысы Хольцманн соққан голға алаң қожайындары сапынан Махлангу жауап қайтарған. Алайда 33 минутта Дуганджич соққан гол матч тағдырын шешіп кетті. Бір айта кетерлігі 12 минутта «Ордабасы» ойыншысы Диакате пенальтиден гол соға алмады.

Биыл коронавирус пандемиясының салдарынан Еуропа лигасының іріктеу кезеңі бір ғана матчтан тұрады.

Еуропа лигасы. Алғашқы іріктеу кезеңі

«Ордабасы» — «Ботошани» (Румыния) 1:2 (1:2)

Голдар: Хольцманн 25 (0:1), Махлангу 31 (1:1), Дуганджич 33 (1:2)

Алматыда «Қайрат» Арменияның «Ноа» командасын қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Есепті күтпеген жерден қонақтар ашып кетті. Дегенмен алаң қожайындары есеңгіреп қалған жоқ. Алдымен қырғыз «Мессиі» таразы басын теңестірсе, артынша тәжірибелі Вагнер Лав командасын есепте алға шығарды. Екінші таймда бразилиялық шабуылшы дубль автор атанса, «Ноа» ойыншысы Дедечко өз қақпасына гол соғып алды.

Осылайша Алматының «Қайраты» алғашқы іріктеу кезеңнен мүдірмей өтіп, келесі айналымға жолдама алды.

Еуропа лигасы. Алғашқы іріктеу кезеңі

«Қайрат» — «Ноа» (Армения) 4:1 (2:1)

Голдар: Бор 8 (0:1), Алыкулов 12 (1:1), Вагнер Лав 35 (2:1), Вагнер Лав 70 (3:1), Дедечко автогол 90 (4:1)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или