русский язык

«Ордабасы» Еуропа лигасына жорығын аяқтады

«Ордабасы» Еуропа лигасына жорығын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Шымкент қаласының орталық стадионында «Ордабасы» Румынияның «Ботошани» командасын қабылдады.

Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында өткен матчта қонақтар пайдасына 2:1 есебі тіркелді. «Ботошани» ойыншысы Хольцманн соққан голға алаң қожайындары сапынан Махлангу жауап қайтарған. Алайда 33 минутта Дуганджич соққан гол матч тағдырын шешіп кетті. Бір айта кетерлігі 12 минутта «Ордабасы» ойыншысы Диакате пенальтиден гол соға алмады.

Биыл коронавирус пандемиясының салдарынан Еуропа лигасының іріктеу кезеңі бір ғана матчтан тұрады.

Еуропа лигасы. Алғашқы іріктеу кезеңі

«Ордабасы» — «Ботошани» (Румыния) 1:2 (1:2)

Голдар: Хольцманн 25 (0:1), Махлангу 31 (1:1), Дуганджич 33 (1:2)

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;