ЦСКА-ның бас бапкері: Зайнутдинов - бізге нағыз керек ойыншы

ЦСКА-ның бас бапкері: Зайнутдинов - бізге нағыз керек ойыншы

ЦСКА-ның бас бапкері Виктор Гончаренко қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдиновтың ЦСКА-ға ауысуы туралы клубтың баспасөз қызметіне сұхбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ол біздің ойынды әртараптандырады. Бахтияр қорғаушы ретінде де, алаңның кез келген жерінде шабуылшы ретінде де сәтті ойнайды. Өте агрессивті, жақсы таңдау жасайды, оның соққысы да мығым. Өткен маусымда ростовтық клуб сапында төрт гол соқты, сонымен қатар нәтижелі пастар бере алады. Оған қоса ол біздің стратегиямызға сәйкес келеді, себебі ол әлі жас», - деді Гончаренко.

Зайнутдинов 2019 жылдың басынан бері "Ростовта" ойнады, барлық турнирде 35 матчқа қатысып төрт гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или