ПСЖ Мессиден бас тартты

ПСЖ Мессиден бас тартты

«Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси «Пари Сен-Жерменге» ауыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Goal басылымының хабарлауынша, париждік клуб атақты футболшының қаржылық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Сондай-ақ ұжым қаржылық адал ойын талаптарына сай бола алмайтынынан қорқады.

Бұған дейін 33 жастағы Месси «Барселонамен» келісімшартты біржақты бұзуға шешім қабылдағаны белгілі болды. Бұл жағдайда шабуылшы басқа клубқа тегін ауыса алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или