Месси «Барселонаның» президенті қызметінен кеткен жағдайда командада қалуға әзір

Месси «Барселонаның» президенті қызметінен кеткен жағдайда командада қалуға әзір

«Барселонаның» капитаны Лионель Месси клубта қалуы мүмкін. Бұл туралы El Chiringuito TV журналисі Жозеп Педрероль хабарлады.

Месси «Барселонаның» президенті Жозеп Бартомеу қызметінен кеткен жағдайда командада қалуға дайын екенін жеткізген.

Кеше Месси Бартомеуге клубпен келісімшартты бұзып, еркін агент мәртебесін алғысы келетіні туралы хабарлама жібергені белгілі болды. Клуб Мессиді жібергісі келмейді, бірақ келісімшартта көрсетілген 700 миллион еуро өтемақыны төлейтін клуб болса, басшылық ұсынысты қабыл алуға дайын.

Еске салайық, инсайдерлік ақпарат бойынша, Месси жақында лондондық «Челси» қатарына қосылуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или