Ибрагимович «Миланда» жылына 7 млн еуро табыс табады

Ибрагимович «Миланда» жылына 7 млн еуро табыс табады

«Милан» клубы мен шабуылшы Златан Ибрагимович келісімшарт мерзімін ұзарту туралы келісімге келді. Бұл туралы журналист Николо Скира өзінің Twitter-парақшасында жазды.

<span>Оның мәліметінше, а</span>рдагер ойыншы миландық клубта тағы бір жыл қалады. Ол осы бір жылда 6 млн  еуро жалақы алады. Ал қосымша сыйақыларды қоса есептегенде жылына 7 миллион еуро пайда табады.

Швед футболшысы «Миланға» биыл қыста ауысып келген. Ол кезде клубпен тек алты айға жарамды келісімшарт жасасқан болатын. 

<span>Айта кетейік, Ибрагимович биылғы маусымда Италия чемпионатында 16 матчқа қатысып, 7 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или