«Астана» Михал Билекпен қош айтысты
«Астана» клубының басшылығы бас бапкер Михал Билекпен келісімшартты бұзды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
– «Астана» футбол клубы чехиялық маманға оның жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасындағы жұмысына табыс тілейді.
Бас бапкердің міндетін «Питерборо» (Англия), «Вентспилс», «Рига», «Сконто» (барлығы - Латвия), «Ростов» (Ресей), «Саншайнз» (Нигерия) клубтарында бапкерлік қызмет атқарған, тәжірибесі мол маман Пол Эшуорт атқарады, - делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, «Астана» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Беларусьтің «Динамосына» есе жіберіп, келесі кезеңге өте алмаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или