Бартомеу «Барселонаның» президенті қызметінен кетуге дайын

Бартомеу «Барселонаның» президенті қызметінен кетуге дайын

Хосеп Мария Бартомеу команда қатарында Лионель Мессиді сақтап қалу үшін өз қызметінен кетуге дайын. 

Бұл туралы беделді BBC хабарлап отыр.

Кеше Месси Бартомеуге клубпен келісімшартты бұзып, еркін агент мәртебесін алғысы келетіні туралы хабарлама жібергені белгілі болды. Клуб Мессиді жібергісі келмейді, бірақ келісімшартта көрсетілген 700 миллион еуро өтемақыны төлейтін клуб болса, басшылық ұсынысты қабыл алуға дайын.

Еске салайық, инсайдерлік ақпарат бойынша, Месси жақында лондондық «Челси» қатарына қосылуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или