Зайнутдинов ЦСКА-ға ауысқаннан кейін алғаш рет сұхбат берді
Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов мәскеулік ЦСКА-ға ауысқаннан кейін алғаш рет сұхбат берді, деп жазады Prosports.kz.
Ойыншының пікірін мәскеулік клубтың баспасөз қызметі жариялады.
- Бахтиер, ЦСКА-ға қош келдіңіз!
- Рақмет, бұл командаға ауысқаныма қуаныштымын! ЦСКА - бұл үлкен клуб. Енді тынбай жаттығу жасап, мұнда бекер келмегенімді дәлелдеуім керек.
- ЦСКА-ға ауысу жайлы қашаннан бастап сөз болды, сіз бұл туралы қанша уақыт ойландыңыз?
- Бір аптада барлығы шешілді. Бәрі өте тез жүзеге асты.
- Неге 19-нөмерді таңдадыңыз?
- Маған осы номер қатты ұнайды.
- Осыдан екі күн бұрын сіз «Ростовта» ойнадыңыз, ал бүгін ЦСКА-мен бірге Краснодарға жол тарттыңыз. Қалпыңызға келіп үгердіңіз бе?
- Кеше мұның бәрінен хабарсыз болдым, бірақ бүгін алдағы ойынға дайын боламын.
- Сіз ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойдыңыз. Алдыға қандай мақсат қойып отырсыз?
- Көп ойын өткізгім келеді. ЦСКА-ның деңгейінде өнер көрсете алатынымды дәлелдегім келеді. Әрі ЦСКА-ға өз пайдамды тигізсем деймін.
Айта кетейік, тараз футболының түлегі 2019 жылдың қаңтар айынан бері «Ростов» сапында ойнады. РПЛ-да 17 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Ал бүгін мәскеулік ЦСКА-мен 2024/2025 жылғы маусымға дейін жарамды келісімшарт жасасты.