«Бавария» ойыншылары Германия құрамасына шақырту алған жоқ
Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лёв 2020/21 жылғы Ұлттар лигасының матчтарына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
3 қыркүйек күні Германия құрамасы Ұлттар лигасы аясында Испаниямен, ал 6 қыркүйекте Швейцариямен кездеседі.
Айта кетерлігі, жақында ғана Чемпиондар лигасында топ жарған бірқатар «Бавария» ойыншылары (негізгі құрамдағы) құрамаға шақырту алған жоқ. Оларға демалыс берілді.
Қақпашылар: Оливер Бауманн («Хоффенхайм»), Бернд Лено («Арсенал»), Кевин Трапп («Айнтрахт»).
Қорғаушылар: Маттиас Гинтер («Боруссия» М), Робин Госенс («Аталанта»), Тило Керер («ПСЖ»), Робин Кох («Фрайбург»), Антонио Рюдигер («Челси»), Нико Шульц («Боруссия» Д), Никлас Зюле («Бавария»), Джонатан Та («Байер»).
Жартылай қорғаушылар/шабуылшылар: Юлиан Брандт («Боруссия» Д), Эмре Джан («Боруссия» Д), Юлиан Дракслер («ПСЖ»), Илкай Гюндоган («Манчестер Сити»), Кай Хаверц («Байер»), Тони Кроос («Реал»), Флориан Нойхаус («Боруссия» М), Лерой Зане («Бавария»), Суат Сердар («Шальке»), Лука Вальдшмидт («Бенфика»), Тимо Вернер («Челси»).
