Дмитрий Селюк: Акмаль Бахтияров әлі жарақатынан айыққан жоқ
Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында әлемге әйгілі футбол агенті Дмитрий Селюк қазақстандық футболшы Акмаль Бахтияровтың РПЛ-дың төртінші турындағы ойында неліктен «Сочи» сапынан орын ала алмағанын айтты.
- Дмитрий, РПЛ-дағы соңғы турда Акмаль Бахтияров «Ротормен» өткен ойынға қатысқан «Сочи» футболшыларының тізіміне енбеді. Айтыңызшы, бұған не себеп болды?
- Акмаль соңғы жарақатынан толық айыққан жоқ. Жарақатынан жазылған соң алаңға оралуға дайын болады деп ойлаймын. Бүгін «Тамбов» қарсы матчта да ойнамайды. Келесі кездесуге қатыса алады. Клубтағылардың барлығы, оның ішінде президент те Акмальды қолдайды. Сондықтан бәрі жақсы болады.
Өкінішке орай, чемпионат алдында ғана аяқ асты жарақат алып, командамен маусымға дайындықты толық өткізе алмады. Бапкерлер құрамы қазір тәуекелге барғысы келмейді. Бір аптадан кейін бәрі белгілі болады.
Айта кетейік, РПЛ-да бақ сынап жүрген тағы бір қазақстандық футболшы Бактиер Зайнутдинов мәскеулік ЦСКА сапына ауысты.