ЦСКА Зайнутдиновты қанша миллионға сатып алды?
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бактиер Зайнутдинов «Ростов» сапынан мәскеулік ЦСКА-ға қанша миллион еуроға ауысқаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Transfermarkt мәліметінше, ЦСКА 22 жастағы футболшы үшін 2 миллион еуро төлеген. «Ростов» пен Зайнутдинов арасындағы келісімшартта дәл осы сомманы төлесе, кез келген клуб ойыншыны өз қатарына қоса алады деп көрсетілген екен.
Айта кетейік, тараз футболының түлегі 2019 жылдың қаңтар айынан бері «Ростов» сапында ойнады. РПЛ-да 17 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
ЦСКА-мен Зайнутдинов 2024/2025 маусымға дейінгі күші бар келісімшарт жасасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или