Парагвай соты Роналдиньоны үйқамақтан босатты

Парагвай соты Роналдиньоны үйқамақтан босатты

Парагвай соты Бразилия ұлттық құрамасының футболшысы Роналдиньоны үйқамақтан босатты.

Роналдиньо мен оның ағасы 7 наурыз күні Асунсьон әуежайында жалған төлқұжат көрсеткені үшін қамауға алынды. 9 сәуірде Роналдиньо мен оның ағасы Роберто де Ассис Муарир Парагвай түрмесінен 1,6 миллион доллар беріп, кепілдікпен босағандары белгілі болды.

Парагвай соты Роналдиньо мен ағасын үйқамақтан босату жайлы шешім қабылдап, екеуіне 200 мың доллар көлемінде айыппұл салуды жөн деп көріпті.

Роналдиньо ойын мансабын 2018 жылы 16 қаңтарда ресми түрде аяқтады. Бразилиялық футболшының соңғы клубы «Флуминенсе» болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или