«Ювентус» Андреа Пирлоның қол астындағы алғашқы жаттығуын өткізді
«Ювентус» жаңа маусымға дайындығын бастап кетті. Команда жаңа бас бапкері Андреа Пирлоның қол астындағы алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерді.
Андреа Пирло жақында ғана туриндік команданың тізгініне келді. 41 жастағы италиялық 2022 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырған.
Айта кетейік, Пирло бапкерлік мансабын енді ғана бастайды. Шілде айының соңында ол «Ювентустың» жастар командасын басқарды.
Пирло «Ювентус» сапында 2011 жылдан 2015 жылға дейін ойнаған. Клуб құрамында ол 7 кубок жеңіп алды. Ол сонымен қатар, 2006 жылы Италия құрамасы сапында әлем чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или