Бахтиер Зайнутдинов «Ростовтың» сапынан кетті
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов «Ростовтың» сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz Metaratings.ru сайтына сілтеме жасап.
Футболшы ЦСКА-мен келіссөз жүргізуге Мәскеуге аттанған. Медициналық тексерістен өткен соң ол ЦСКА-ның ойыншысы атанады деп күтілуде.
Еске салайық, Зайнутдинов «Ростов» сапына 2019 жылдың қаңтар айында қосылған. Ресейлік клуб футболшыны «Астанадан» 115 мың еуроға сатып алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или