Польша чемпионаты басталды. Жуковтың командасы қарсыласымен тең түсті

Польша чемпионаты басталды. Жуковтың командасы қарсыласымен тең түсті

Польша чемпионаты басталды. Бірінші айналымда Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков ойнайтын «Висла» командасы «Ягеллонияға» қарсы матчта 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жуков алаңға негізгі құрамда шықты. Бір сары қағаз алды және 84-минутта алмастырылды. Келесі турда 29 тамыз күні «Висла» өз алаңында Вроцлавтың «Шленск» ​​командасымен кездеседі.

Айта кетейік, Жуков «Висла» сапында 2020 жылдың қаңтарынан бастап өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или