«Қайрат» Беларусь құрамасының қорғаушысын қатарға қосты
«Қайрат» футбол клубы Беларусь құрамасының орталық қорғаушысы Денис Поляковпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қорғаушымен келісімшарт 1,5 жылға жасалған.
Денис - минскілік «Динамо» спорт мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын 2007 жылы солигорскілік «Шахтер» сапында бастаған.
2011 жылы «Шахтерден» БАТЭ-ге ауысты. Онда Поляков Чемпиондар лигасы аясында «Бавария», «Лилл», «Атлетик» және «Рома» командаларымен өткен ойындарға қатысты. БАТЭ сапында жалпы 134 матчқа қатысып, 6 гол соқты.
2018 жылы Поляков АПОЭЛ-ге ауысып, Кипр чемпионатын жеңіп алды.
Қорғаушының соңғы клубы - екатеринбургтік «Урал» клубы болды. Сонымен қатар, Денис Беларусь құрамасының негізгі ойыншысы. 2010 жылдан бері құрамада 42 матч өткізіп, бір гол соқты.
Туған жылы: 1991 жылы 17 сәуір<br />Бойы: 184 см<br />Салмағы: 75 келі<br />Алаңлағы орны: қорғаушы<br />Азаматтығы: Беларусь.