Вороговскийдің командасы Бельгия чемпионы «Брюггені» жеңді
Бельгия чемпионатының үшінші туры аясында «Беерсхот» футбол клубы сырт алаңда қазіргі ел чемпион «Брюгге» командасын жеңді, деп жазады Prosports.kz.
Кездесу 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ойындағы жалғыз голды 28-минутта Рафаэль Хольцхаузер соқты.
«Беерсхот» сапында өнер көрсететін қазақстандық ойыншы Ян Вороговский алаңда 89 минут бойы өнер көрсетті.
Осылайша, Вороговскийдің командасы қатарынан үш ойында жеңіске жетіп, турнирлік кестеде көш бастады.
«Брюгге» (Бельгия) – «Беерсхот» (Антверпен, Бельгия) – 0:1
Гол: Рафаэль Хольцхаузер 28
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или