«Барселона» ресми түрде Мартинеспен келіссөздерді қайта бастады

«Барселона» ресми түрде Мартинеспен келіссөздерді қайта бастады

Marca-ның хабарлауынша, «Барселона» «Интер» клубымен шабуылшы Лаутаро Мартинестің ауысуы туралы ресми келіссөздерге кірісті.

23 жастағы аргентиналықтың италиялық клубпен келісімшартында шілде айының соңына дейін футболшының бағасы 111 миллион еуро болады деп көрсетілген еді. Испан клубы шабуылшының бағасын түсіруге ниетті. 

«Барселона» бағасын төмендету үшін келісімге бір немесе бірнеше ойыншыны қосқысы келетіндігі хабарланған. Атап айтсақ, қазіргі таңда «Баварияда» жалда жүрген Филипе Коутиньо «Интер» қатарына қосылуы мүмкін.  

Мартинес өткен маусымда Италия чемпионатының 35 ойынында 14 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или