Билек: Бүгін өте қиын матч болды
«Астананың» бас бапкері Михал Билек Қазақстан чемпионатының 5-турындағы «Оқжетпеске»(2:0) қарсы матчтан кейін сұқбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
- Бұл өте қиын матч болды, өйткені Бресттегі жеңілістен кейін психологиялық тұрғыда командаға қиын болды. Бірақ ойыншылар жігерлік танытып, намысқа тырысып, өте маңызды жеңіске жетті.
- Ненад Эрич бүгін тағы ойнаған жоқ. Оның бастапқы құрамнан орын ала алмау себебі неде?
- Ненад жалпы топта бір апта ғана жаттығып жүр, оған 100% дайын болу үшін аз уақыт керек. Бірақ біз қақпашы позициясына алаңдамаймыз, бізде бәсекелестік күшті. Бүгін Дима Непогодов шықты, ол жаттығуда өте жақсы жұмыс істеді және матчта сенімді ойын көрсетті, бірнеше эпизодтарда бізге көмектесті.