Суарес: Басшылық мені командадан көргісі келмесе кетуге әзірмін

Суарес: Басшылық мені командадан көргісі келмесе кетуге әзірмін

«Барселона» шабуылшысы Луис Суарес командадан кетуі мүмкін екені жайлы пікірін білдірді.

– Клуб басшылығы командадан кететін футболшылардың есімін атады. Алайда ешкім маған кететінім жайлы айтқан емес. Егер мені клубқа көргілері келмесе тіке өзіме айтсын. Расында командаға берер пайдамнан гөрі аларым көп болса кетуге дайынмын, - деді Суарес.

Луис Суарестің «Барселонамен» қазіргі келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жоспарланған. Алайда El Chiringuito TV арнасының мәліметінше, «Барселона» шабуылшысымен осы жылы қош айтыспақ.

Қазірдің өзінде «Эль Пистолероға» «Аякс» қызығушылық танытып отыр. Амстердам командасы футболшы үшін 15 миллион еуро беруге әзір.

Сондай-ақ, TuttoMercatoWeb «Ювентус» Суареске екі жылдық келісімшарт ұсынуға дайын екенін жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или