Еуропа лигасы финалының тікелей трансляциясы

Еуропа лигасы финалының тікелей трансляциясы

Тамыздың 21-нен 22-не қараған түні Еуропа Лигасының финалы өтеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Севилья» және «Интер» командалары УЕФА Еуропа лигасының ақтық бәсекесінде күш сынасады. Миландық клуб турнирдің финалында төрт мәрте (1991, 1994, 1998 жылдары) өнер көрсетіп, үшеуінде жеңіске жеткен.

Соңғы жылдары аталмыш турнирде «Севилья» үстемдік етті. Испандық клуб бұл шыңды бес мәрте (2006, 2007, 2014, 2015, 2016 жылдары) бағындырды.

«QAZSPORT» телеарнасындағы финалдық ойынның тікелей трансляциясы: 22 тамыз «Севилья» (Испания) — «Интер» (Италия). Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:50-де басталады.

Матч Кёльн қаласындағы «Рейн Энерги» стадионында көрерменсіз өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или