Ибрагимович «Миланмен» жаңа келісімшартқа отырды
«Милан» клубы мен шабуылшы Златан Ибрагимович келісімшарт мерзімін ұзарту туралы келісімге келді. Бұл туралы журналист Николо Скира өзінің Twitter-парақшасында жазды.
<span>Оның мәліметінше, а</span>рдагер ойыншы миландық клубта тағы бір жыл қалады. Ол осы бір жылда 6 млн еуро жалақы алады. Бұған өзге де сыйақылар қосылады деп жоспарланып отыр.
Швед футболшысы «Миланға» биыл қыста ауысып келген. Ол кезде клубпен тек алты айға жарамды келісімшарт жасасқан болатын.
<span>Айта кетейік, Ибрагимович биылғы маусымда Италия чемпионатында 16 матчқа қатысып, 7 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или