«Эль Пистолеро» «Аяксқа» оралуы мүмкін
Mundo Deportivo басылымы «Барселона» шабуылшысы Луис Суареске Еуропаның көшбасшы командаларынан ұсыныс түскенін хабарлады.
Каталониялық клуб шабуылшысымен қош айтысатыны туралы ескертіп, жаңа команда қарастыруды айтқан.
Луис Суарестің «Барселонамен» қазіргі келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жоспарланған. Алайда El Chiringuito TV арнасының мәліметінше, «Барселона» шабуылшысымен осы жылы қош айтыспақ.
Қазірдің өзінде «Эль Пистолероға» «Аякс» қызығушылық танытып отыр. Амстердам командасы футболшы үшін 15 миллион еуро беруге әзір.
Сондай-ақ, TuttoMercatoWeb «Ювентус» Суареске екі жылдық келісімшарт ұсынуға дайын екенін жазды.
«Барселона» Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бавариядан» ойсырай (2:8) ұтылғаннан кейін құрамды кең көлемде тазартуды жоспарлап отыр.
Клуб тек Лионель Месси, Френки де Йонг және Марк-Андре тер Штеген, сонымен қатар команданың жас ойыншылары Ансу Фати мен Рик Пучті міндетті түрде сақтап қалуды көздейді.
Каталониялық кету мүмкін футболшылар қатарында - Луис Суарес, Антуан Гризманн, Жорди Альба, Иван Ракитич, Серхи Роберто, Артуро Видаль және Нельсон Семеду бар. Сондай-ақ, соңғы кезде көп жарақаттанып жүрген қос француз Усман Дембеле мен Самуэль Умтити үшін де клуб есігі кез-келген уақытта ашық.