Гуллит Нидерланды құрамасын баптауға дайын екенін айтты
Нидерланды құрамасының бұрынғы футболшысы, 1987 жылы Алтын допты жеңіп аоған Руд Гуллит өз елінің ұлттық құрамасын тізгіндеуге ниет білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
BeIN Sports-қа берген сұхбатында ол мынаны айтты:
«Егер маған Голландия құрамасына шақырса, мен оны міндетті түрде қабыл аламын».
2017 - 2018 жылдар аралығында Гуллит Голландия құрамасында бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді. Бұған дейін ол «Терек», «Лос-Анджелес Гэлакси», «Фейеноорд», «Ньюкасл» және «Челси» клубтарын баптаған.
Айта кетейік, осыған дейін Нидерланды құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келген Рональд Куман «Барселонаның» тізгінін ұстаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или