Ұлттар лигасы: Жерар Пике Испания құрамасына шақырылмады

Ұлттар лигасы: Жерар Пике Испания құрамасына шақырылмады

Испания құрамасының бас бапкері Луис Энрике 2020/21 жылғы Ұлттар лигасының матчтарына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

3 қыркүйек күні Испания құрамасы Ұлттар лигасы аясында Германиямен, ал 6 қыркүйекте Украинамен кездеседі. 

Қақпашылар: Давид де Хеа («Манчестер Юнайтед»), Кепа Аррисабалага («Челси»), Унаи Симон («Атлетик»);

Қорғаушылар: Хесус Навас («Севилья»), Дани Карвахаль, Серхио Рамос, Серхио Регилон (бәрі – «Реал»), Пау Торрес («Вильярреал»), Диего Льоренте («Реал Сосьедад»), Хосе Луис Гайя («Валенсия»), Эрик Гарсия («Манчестер Сити»);

Жартылай қорғаушылар: Фабиан Руис («Наполи»), Тиаго Алькантара («Бавария»), Серджи Бускетс («Барселона»), Родри («Манчестер Сити»), Микель Мерино («Реал Сосьедад»), Дани Ольмо («РБ Лейпциг»), Оскар Родригес («Реал»);

Шабуылшылар: Родриго («Валенсия»), Микель Ойарсабаль («Реал Сосьедад»), Адама Траоре («Вулверхэмптон»), Марко Асенсио («Реал»), Ансу Фати («Барселона»), Ферран Торрес («Манчестер Сити»).

Айта кетейік, Унаи Симон, Серхио Регилон, Эрик Гарсия, Микель Мерино, Оскар Родригес, Адама Траоре, Ансу Фати, Ферран Торрес қатарлы 8 ойыншы Испания құрамасына алғаш рет шақырылып отыр. 

西班牙大名单

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или