Ибрагимович «Миланда» тағы бір жыл өнер көрсетеді
«Милан» футбол клубы мен шабуылшы Златан Ибрагимович келісімшарт мерзімін ұзарту туралы келісімге келді, деп жазады Prosports.kz.
<span>NicolòSchira басылымының хабарлауынша, а</span>рдагер ойыншы миландық клубта тағы бір жыл қалады. Ол осы бір жылда 6 млн еуро жалақы алады. Бұған өзге де сыйақылар қосылады деп жоспарланып отыр.
Швед футболшысы «Миланға» биыл қыста ауысып келген. Ол кезде клубпен тек алты айға жарамды келісімшарт жасасқан болатын.
<span>Айта кетейік, Ибрагимович биылғы маусымда Италия чемпионатында 16 матчқа қатысып, 7 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или