«Манчестер Сити» англиялық қақпашымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Манчестер Сити» англиялық қақпашымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Манчестер Сити» футбол клубы қақпашы Скотт Карсонды жалға алу мерзімін тағы бір жылға ұзартты, деп жазады Prosports.kz.

Манчестерлік клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қақпашы 2020/21 жылғы маусымның соңына дейін командада қалады. 

Айта кетейік, «Дерби Каунти» қақпашысы өткен маусымда да «Сити» сапында жалда ойнады. Алайда ол бірде-бір матч ойынға қатысқан жоқ.

Карсон мансабында «Лидс», «Ливерпуль», «Шеффилд Уэнсдей», «Чарльтон», «Астон Виллу», «Вест Бромвич», «Бурасспор» және «Уиган» командаларында өнер көрсеткен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или