«Барселонаға» жаңа спорт директоры тағайындалды
Рамон Планес «Барселонаның» жаңа спорт директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz kаталониялық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Ол жұмыстан босатылған Эрик Абидальдің орнына келді.
Айта кетейік, Планес 2018 жылдан бастап Абидалдың орынбасары болған.
Швецияның бұрынғы шабуылшысы Хенрик Ларссон «Барселонаның» бапкерлер құрамына қосылады деп күтіліп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или