Серхио Рамос: «Роналдудың ойынын сипаттау үшін жаңа сөздер ойлап табу қажет»

«Реал Мадридтің» қорғаушысы Серхио Рамос командадағы әріптесі Криштиану Роналду туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Өз құрамыңда Роналду болса, бұл – үлкен жеңілдік. Оның статистикасы таң қалдырады. Қазір ол мансабының ең жарқын сәтін басынан өткізіп, бүкіл рекордтарды жаңартып жатыр. Криштианудың ойынын сипаттау үшін жаңа сөздер ойлап табу қажет», - деді Рамос.

Естеріңізге сала кетсек, Криштину Роналду Испания чемпионатының 13-ші турынан соң қанжығасын 23 рет майлап үлгерді. Сондай-ақ, «Сельтаға» қарсы кездесуде үш гол соғып, Примера тарихындағы хет-трикті ең көп жасаған футболшы (23 рет) атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или