Рональд Куман: «Барселона» – мен армандаған клуб

Рональд Куман: «Барселона» – мен армандаған клуб

«Барселонаның» тізгінін ұстаған Рональд Куман арманындағы клубты жаттықтыратынын айтты.

– Өткен уақытқа қарасам Нидерланд құрамасымен біраз жетістікке жеттік. Бұл құраманың болашағы зор. Мен бұған сенімдімін. Дегенмен, «Барселона» менің арманымдағы клуб екенін бәрі жақсы біледі. Бұл клубты жаттықтырғанның өзі бір бақыт, - деді Рональд Куман. 

Каталондық клуб 57 жастағы жаттықтырушы бүгін таныстырды. Қос тарап 2 жылға келісімшартқа отырды.

Рональд Куман 2018 жылдың ақпан айында Нидерланды құрамасының тізгінін ұстап, Еуро-2020 турниріне құраманы алып шықты.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасында «Бавариядан» ойсырай ұтылған соң «Барселона» бас бапкері Кике Сетьенді қызметінен босатты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или