Нойер «Алтын допты» алатынына күмәнданады

Нойер «Алтын допты» алатынына күмәнданады

Мюнхендік «Баварияның» қақпашысы Мануэль Нойер «Алтын допты» жеңіп алатынына сенбейді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Соңғы жылдары қақпашылар мұндай атаққа ие болмаған. 2002 жылы әлем чемпионатында жоғары деңгейде ойнаған Оливер Кан да «Алтын допты» ала алмады. Осы мысалдан кейін-ақ қақпашыға бұл жүлдені алу қиын екені көрініп тұр», - деді Германия құрамасының қақпашысы.

Естеріңізге сала кетсек, «Алтын допқа» Нойерден бөлек «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси мен «Реалдың» ойыншысы Криштиану Роналду үміткер.

Футбол тарихында «Алтын допқа» ие болған жалғыз қақпашы – КСРО құрамасының голкипері Лев Яшин. Бұл жүлде 1963 жылы берілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или